Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды
Абай облысының 42 жастағы тұрғыны гашиш есірткі затын сақтағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың наурыз айында Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында теміржол бойында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен Абай облысының 42 жастағы тұрғынын ұстады.
Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан жалпы салмағы 244 грамм гашиш есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында оның өз үйінде жеке тұтыну үшін марихуана есірткі затын өсіріп, кейін оны жинап, кептіріп, ұсақтағаны анықталды.
Семей қаласының № 2 соты қаскүнемді 4 жылға бас бостандығынан айырды.