Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының бас полицейі ІІО ардагерін туған күнімен құттықтады

Абай облысының бас полицейі ІІО ардагерін туған күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 шілдеде милиция генерал-майоры Геннадий Цимбал өзінің 77-ші туған күнін атап өтеді. Ол – полицияның дамуы мен қызметкерлердің жас буындарын тәрбиелеудегі еңбегі жоғары бағаланған ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагері.

Абай облысы полиция департаментінің бастығы полиция Бекөре Сұлтан Геннадий Цимбалды туған күнімен құттықтап, полицияның имиджін қалыптастыруға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ жас тәртіп сақшыларын тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

Геннадий Цимбалға Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан құттықтау хатын табыстады.

– Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, табыс, амандық, ұзақ өмір тілеймін, – деп Бектөре Сұлтан ардагердің ішкі істер органдарындағы өзінің көп жылғы қызметімен қосқан елеулі үлесі үшін шын жүректен ризашылығын және алғысын білдірді.

Ардагер ішкі істер органдарындағы еңбек жолын 1971 жылы Семей облысы Жаңа Шүлбі АІІБ-да аға тергеушісі қызметінен бастады. Әр жылдары Жарма АІІБ тергеушісі, Семей облысы АІІБ бастығының орынбасары, Семей қаласы Ленин АІІБ тергеу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

1994-1997 жылдар аралығында Семей облысы ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Қызмет атқару кезеңінде Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының «Мінсіз қызметі үшін», «Қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін», «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» сияқты көптеген медальдарымен, «Кеңес милициясының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру