Абай облысының мектептерінде полицейлер қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды
Абай облысының мектептерінде полицейлер қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Білім беру ұйымдарында оқушылардың құқықтық сауатын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік сабағы өтті. Аталған шара аясында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері мектептерде дәрістер өткізді.
Оқушылар мен мұғалімдерге интернет алаяқтықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау, буллингтің зияны мен оның алдын алу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Дәрістер еркін форматта жүргізілді. Оқушылар тәртіп сақшыларымен ашық әңгімелесіп, өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Бұл өзара диалог балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Шара соңында полицейлер барша қатысушыларды күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және жауапкершілік танытуға шақырды.