Абай облысының полицейлері 400-ге жуық оқушыға есірткінің зияны туралы айтып берді
Абай облысының полицейлері 400-ге жуық оқушыға есірткінің зияны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күннен күнге нашақорлық мәселесі қоғам алдындағы өзекті мәселеге айналып жатыр. Қазіргі таңда жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің профилактикасына көңіл аудару аса маңызды.
Есірткі қылмысының алдын алу мақсатында Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстың оқу орындарында дәріс жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Г. Еспаева және Затон полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының участкелік аға инспекторы А. Жакеевамен Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде сабақ өткізді.
Жоғары сынып оқушылары үшін «Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін құқықтық жауапкершілік», «Буллинг, интернет алаяқтық, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы, суицидтің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Бейне материал көрсетілді. 400-ге жуық жоғары сынып оқушысы ақпараттық материалды тыңдады.
Абай облысы полиция департаменті есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен шұғылданатын тұлғалар туралы қандай да бір мәлімет білетін әр адам қоңырау шала алатынын естеріңізге салады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефоны 8-747-877-16-69.