Абай облысының полицейлері армрестлингтен турнир ұйымдастырды
Абай облысының полицейлері "Біз өмірді таңдаймыз, біз есірткіге қарсымыз" ұранымен армрестлинг турнирін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі ең өткір мәселелердің бірі.
2023 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.
Осы құжатты, сондай-ақ есірткіге қарсы бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізудің 2024 жылға арналған жоспарын іске асыра отырып, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіп жатыр.
Бұл жолы полицейлер облыс орталығында "Біз өмірді таңдаймыз, біз есірткіге қарсымыз!" ұранымен өткен армрестлинг турнирін ұйымдастырды.
Жарысқа кез-келген адам қатысып, өзінің есірткіге қарсы ұстанымын, спорт пен салауатты өмір салтын таңдайтынын білдірді.
Көрсетілген белсенділігі үшін үздіктер Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.