Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері ауыл тұрғынынан кептірілген марихуана тәркіледі

Абай облысының полицейлері ауыл тұрғынының үйінен кептірілген марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлеріне Бородулиха ауданы, Ивановка ауылының тұрғыны өз үйінде есірткі затын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Абай облысы ПД Бородулиха АПБ қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады. «Арчи» атты қызметтік ит тұрғын үйге тінту жүргізу барысында оның тұрғын үйінің жабық ауласындағы шелектен өсімдік тектес, ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар қап табылып, тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі .

Сараптама қорытындысына сәйкес, кептірілген марихуана, салмағы – 994,36 грамм есірткі заты болып шықты.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес әркім өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәлiлiгi дәлелденгенге және соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру