Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері браконьерден қояндардың ұшасын тәркіледі

Абай облысының полицейлері браконьерден қояндардың ұшасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерліктің және табиғат қорғау заңнамасы саласындағы басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жабайы жануарларды заңсыз аулаудың кезекті фактісін анықтады.

Рейдтік іс-шаралар кезінде Бородулиха ауылының маңында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның басқаруындағы ВАЗ-2114  автокөлігін тоқтатты. 

Автокөліктің салонын тінту кезінде полицейлер жабылмаған аңшылық мылтық пен екі жабайы қоянның тұтас етін тапты. 

Абай облысы тұрғыны аң аулау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ азаматтық қару мен оның патрондарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру