Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері футболдан турнир ұйымдастырды

Абай облысының полицейлері футболдан турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде жастар арасындағы нашақорлық күрделі, кең ауқымды, әлеуметтік қауіпті құбылыс. Нашақорлардың саны күн өткен сайын артуда. Есірткіні қолдану – бүкіл әлем жастарының арасындағы ең маңызды проблемалардың бірі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі нашақорлық проблемасының жасалып кетуіне ерекше назар аударады.

Қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша есірткі тұтыну мен есірткі қылмысының алдын алу бойынша барынша шаралар қабылданып жатыр. Олардың арасында Абай облысы да бар.

Абай облысында да маусым айы «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орайластырылған нашақорлықтың алдын алу айы болып жарияланды.

Полицейлер есірткіге қарсы кең ауқымды іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Бұл жолы Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері «Есірткіге қарсы спорт!» ұранымен футболдан қалалық турнир ұйымдастырды. Спорттық жарысқа әр түрлі жас санаттарынан 8 команда қатысты.

Жарысқа қатысушылар тамаша дене шынықтыру дайындығын, жоғары командалық рухты және жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Жеңімпаздар мен қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру