Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері IT колледжінің студенттерімен кездесті

Абай облысының полицейлері IT колледжінің студенттерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықбұзушылықтардың, оның ішінде заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және оларды ескерту мақсатында Абай облысы ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Гаухар Еспаева Экономикалық тергеулер департаментінің, наркологиялық диспансердің және «Соц KZ» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп IT колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында мамандар жастармен нашақорлықтың өзекті мәселелерін, оның денсаулық пен әлеуметтік өмірге әсері, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарату және пайдалану үшін туындауы мүмкін құқықтық салдары туралы талқылады. Әңгіме барысында наркологиялық диспансердің өкілдері есірткінің адам ағзасына әсері туралы нақты деректермен бөлісті, ал құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы құқықбұзушылықпен күрес ерекшеліктерін түсіндірді.

«Соц KZ» қоғамдық қорының өкілдері студенттердің назарын тұрақты моральдық иммунитетті қалыптастырудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына аударды. Олар жастар есірткі заттарына бейім топ болып келетіндіктен, студенттер арасында алдын алу шараларын өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында спикерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, нашақорлыққа қарсы іс-қимылдың ықтимал жолдарын талқылап, қажет болған жағдайда қайда көмекке жүгінуге болатынын айтты.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, моральдық ұстанымдарды нығайтуға және өсіп келе жатқан ұрпақ арасында құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру