Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері контрафактілік алкогольдің заңсыз айналымының жолын кесті

Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс аумағында контрафактілік алкогольдің заңсыз айналымының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығының трассаларының бірінде полицейлер шетелдік автокөлікті тоқтатып, оны тексеру кезінде арнайы акциздік маркалары жоқ алкогольді анықтады.

Құқықтық тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз құрамында спирті бар 200 литр сыйымдылықты тәркіледі.

Кейіннен жүргізуші контрафактіні ауылдық жерлерге жеткізгені анықталды.

Тәркіленген спирт Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жауапты сақтауға берілді.

Барлық мән-жайларды анықтау үшін материал экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру