Абай облысының полицейлері мотоцикл жүргізушілерін қырағылыққа шақырды
Абай облысының полициясы мотоцикл жүргізушілерін қырағы болуға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көктемнің басталуы және жол жамылғысын қардан тазарту – мотоцикл жүргізушілерінің көптен күткен кезеңі.
2024 жылғы мотоцикл маусымы қарсаңында патрульдік полиция мотоцикл жүргізушілерін көлік жүргізу тәртібін сақтап, жолда қырағы болуға шақырады.
Семей қаласының жолдарында биылғы жылы экстремалды жүруді бастап кеткендерді кездестіруге болады.
Қазіргі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері мотоцикл жүргізушілері арасында жарақаттану мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бөлігінде түсіндіру жұмыстарын жандандырды.
Жылдамдықты және желмен жарыса жүруді ұнататындар мотоцикл көлік құралдарының ең қауіпті түрлерінің бірі екенін есте сақтауы керек. Пайдалану және жол қозғалысы ережелерін елемеу ауыр зардаптар мен өлімге әкелуі мүмкін.
2023 жылы Абай облысының аумағында жол-көлік оқиғаларында 84 адам қаза тауып, 803 адам жарақат алды. Мұның бәрі жүргізушілердің көлік тәртібін сақтамауынан туындайды.
Абай облысы полиция департаменті екі дөңгелекті көлік құралдарының жүргізушілеріне жол қозғалысы мен ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Мотоцикл жүргізушілері арасында профилактикалық жұмыс мотоцикл маусымы кезеңінде барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіледі.