Абай облысының полицейлері шетелдікті тонаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады
Абай облысының полицейлері шетелдікті тонаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аягөз ауданының кезекші бөліміне Қарағандыда уақытша тіркелген шетел азаматынан өтініш келіп түсті, ер адам көлігінен ұрлық жасалғаны туралы хабарлады. Жәбірленушінің айғақтары бойынша сағат 01:00-03:30 аралығында белгісіз адам оның көлігіне кіріп, 10 мың теңге мен жалпы сомасы 100 мың теңгеге тауарды ұрлап кеткен.
Полицейлер қонақ үйдің жанындағы бейнебақылау камераларын қарап, күдіктіні анықтады. Ол ауданның 34 жастағы тұрғыны болып шықты.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.