Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері «Жасқанат» жазғы лагеріне барды

Абай облысының полицейлері «Жасқанат» жазғы лагеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері демалушы оқушылармен кездесіп, оларға түрлі психоактивті заттардың зияны, сондай-ақ есірткі қылмысы үшін жауапкершілік туралы айтты.

Мұндай кездесулер жастарға білім беру жұмысындағы маңызды қадам болып табылады. Ағартушылықтың бұл түрі балаларды есірткіге тәуелділіктің қауіпті әсерінен сақтандыруда және қорғауда шешуші рөл атқарады.

Балалардың есірткінің физикалық және психологиялық зиянын ғана емес, оларды қолдану мен таратудың заңды салдарын да түсінуі маңызды.

– Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерге ауыр және қиын салдарға әкелетін заңсыз әрекеттерді түсінуге көмектеседі және жауапты мінез-құлықтың маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға және денсаулығын нығайтуға ықпал етеді, оларға болашақта саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі, – деп атап өтті Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гаухар Еспаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру