Абай облысының полицейлері жолда бұзылған автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмектесті
Абай облысының полицейлері тас жолда бұзылған автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Омбы – Майқапшағай тас жолында тіркелді.
Жүргізуші мен үш жолаушы болған автокөлік Семей қаласына бара жатқан. Омбы – Майқапшағай тас жолының 847 шақырымында көлік бұзылып қалды. Өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатудың барлық әрекеттері сәтсіз аяқталды.
Жолаушылардың бақытына орай, көлікті полиция қызметкерлері Дархан Таиров пен полиция Мәди Жеңісов құрамындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері байқады.
Барлық мән-жайларды нақтылай келе, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып және оған жолаушыларды орналастырды.
– Біз бірден ілеспе бағытта келе жатқан көліктерді тоқтата бастадық және жолаушыларды олардың біріне отырғыздық. Азаматтардың қауіпсіз екеніне және қалаға аман-есен жететініне көз жеткізіп, кезекшілікті жалғастырдық, – дейді Дархан Таиров.
Өз кезегінде жеңіл автокөліктің жүргізушісі полицейлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Полицейлер өздерінің іс-әрекеттерін қандай да бір ерлік деп санамайды, олар қызмет ету кезеңінде әртүрлі жағдайлар туындайтындығын және ең бастысы мұндай жағдайларда бей-жай қалмай, мұқтаж адамдарға көмекке келу керектігін айтты.