Абай облысының полицейлері жолда көлігінің дөңгелегі жарылып қалған қарт жүргізушіге көмектесті
Абай облысының полицейлері жолда көлігінің дөңгелегі жарылып қалған қарт жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей – РФ тас жолын патрульдеу кезінде Абай облысы ПД патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде жұбайымен бірге Абай ауданына қарай бет алмақ болған, рөлінде қарт жүргізуші отырған Toyota автокөлігін байқап қалады.
Тәртіп сақшылары жақындап, жүргізушіден қандай да бір көмек қажет пе деп сұрайды. Жүргізушінің айтуынша, көліктің екі дөңгелегі жарылған. Бұл жағдай туралы хабардар болған соң тәртіп сақшылары ақсақалға бірден көмек көрсетті. Қолда бар құралдардың көмегімен полицейлер дөңгелектерін шешіп, оларды жөндеу үшін облыс орталығына барады. Жақын станцияда дөңгелектерді жөндегеннен кейін тәртіп сақшылары қарт жұпқа қайтып оралды.
Патрульшілердің қырағылығы мен жеделдігінің арқасында жағдай шешімін тез тапты. Әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушысы, 80 жастағы автокөлік әуесқойы полицейлерге қамқорлығы мен уақытылы көрсеткен көмегі үшін алғысын айтып, разышылығын білдіру үшін бейнематериал түсіреді.
Ол құқық қорғау органдарының бұл әрекеті өзін шабыттандыратынын және жақсы болашаққа үміт беретінін атап өтті. Мұндай жағдайлар полиция қызметі қылмыскерлерді қудалау ғана емес, сонымен қатар азаматтарға көмек пен қолдау көрсету екенін көрсетеді.
Патрульшілердің мұндай әрекеттері ерекше мақтауға және мойындауға лайық. Өйткені, олар өздерінің қызметтік міндеттерін орындап қана қоймай, азаматтарға қамқорлық пен көңіл бөлуде.