Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері жолдан шығып кеткен ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Абай облысының полицейлері жолдан шығып кеткен ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті патрульдік полиция ротасы қызметінің инспекторлары Е.Умаров және Б. Қайыржанов Алматы – Өскемен автожолының 845-шақырымында Жетісу облысынан келе жатқан Shacman жүк көлігінің 58 жастағы жүргізушісіне көмек көрсетті.

Трассада патрульдеуді жүзеге асыратын тәртіп сақшылары кюветке түскен ауыр жүк көлігін байқады. Полиция қызметкерлері тоқтап, жүргізушіге көмек ұсынды. Жақын маңдағы елді мекеннен тракторды шақыртып, полиция қызметкерлері жүргізушілермен бірлесіп кюветтен үлкен жүк көлігін жолға шығарды. Сүйреу кезінде тәртіп сақшысы жол учаскесінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ақауларды жойғаннан кейін жүк көлігінің жүргізушісі өз жолын жалғастыра алды.

Жүргізуші қиын кезде көмек көрсеткен патрульдік полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру