Абай облысының полициясы ата-аналарға екі дөңгелекті көліктерден келетін қатерді ескертеді
Абай облысының полициясы ата-аналарға скутерлер, мопедтер және басқа да электр көліктері қауіпті ойыншықтар екенін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаздың басталуымен жолдарда әртүрлі скутерлер, мопедтер және электр көліктері пайда бола бастады. Оларды көбінесе жасы мен жүргізу тәсілі олардың жүргізуші шеберлігіне үлкен күмән тудыратын адамдар басқарады.
Бүгін Шығыс кентінің ауданында 10 жасар бала электронды велосипедпен жүріп, жылдамдықты азайтпай, негізгі жолда келе жатқан көлікпен соқтығысуға жол берді. Соқтығысу нәтижесінде бала жарақат алды. Абырой болғанда баланы көліктің жылдамдығы жоғары болмағаны сақтап қалды.
Жол-көлік оқиғасының бейнесін жеңіл автомобиль жүргізушісінің бейнетіркегіші тіркеді.
Полиция кішкентай велосипедшілерге ересектердің сүйемелдеуімен тек тротуарлар мен велосипед жолдарымен жүру керек екенін еске салады. 14 жастан асқан балаларға жолға шығуға және өздігінен жүруге рұқсат етіледі. Көліктегі бала жылдамдықты төмендете білуі керек, бұрылысқа кіріп, жүріс бөлігін тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы кесіп өтуге болатындығын білуі керек, ол үшін велосепедтен түсіп жаяу өтуі тиіс. Бала велосипедте өзін сенімді сезінгенде, тежеуді және бұрылуды жақсы білсе, сигналдар мен жол белгілерін білсе және жаяу жүргіншілер мен автомобильдердің қозғалысына кедергі жасамаса ғана, ол өздігінен шығуға дайын деп санауға болады.
Абай облысының полициясы балаға жол қозғалысы ережелерін сақтамауы неге әкелетінін айту керек деп санайды. Көлік құралдарының жүргізушілеріне рульде өте мұқият болу ұсынылады, өйткені жас велосипедші бұл жағдайда кенеттен жолда пайда болуы мүмкін.