Абай облысының полициясы «Борышкер» ЖПІШ барысында 11 млн теңгеден астам айыппұлды өндіріп алды
Абай облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. ПД «Борышкер» ЖПІШ барысында 11 млн теңгеден астам айыппұлды өндіріп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің бастамасымен Абай облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен салықтар бойынша берешегі бар азаматтар мен көлік құралдарының жүргізушілерін анықтау, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3 күн ішінде полиция қызметкерлері уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп ерікті төлем мерзімі өткен 761 әкімшілік айыппұл өндіріп алды. Өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн теңгеден асты.
Сондай-ақ мәжбүрлеп өндіріп алуға 607 қаулы жіберілді, олар бойынша берешектің жалпы сомасы 13 млн теңгеден асады. Профилактикалық іс-шара барысында мамандандырылған айып тұрағына 56 автокөлік құралы қамауға алынды.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған және айыппұл салу түрінде жауапқа тартылған жағдайда, оны 7 тәулік ішінде жалпы соманың 50% мөлшерінде төлей алатыныңызды еске салады.
Айыппұл қаулы шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде төленбеген жағдайда, ол жұмыс орны бойынша және сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.