Абай облысының полициясында 23 қызметтік ит бар
Абай облыстық ПД-да 23 ит қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция иттері адамдардың, ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қылмыскерлерді, соның ішінде аса қауіпті адамдарды ұстауға қатысады.
Із кесуші иттер қылмыскерді ізін суытпай иісі арқылы іздеуге үйретілген, бұл жедел қызметкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Батыл құйрықты тәртіп сақшылары есірткі мен жасырын жарылғыш заттарды тез табады.
Кинологиялық қызмет орталығында күшіктер екі-үш айларынан бастап қабылданады. Маңызды дайындық сегіз айдан басталады. Осы жастан бастап критерийлерге сәйкес келетін иттердің кез-келген түрі полицияда жұмыс істей алады.
Дене шынықтыруда иттің күнделікті жүгіруі маңызды. Күшік өскен сайын ойынға байланысты қашықтық артып отырады. Кейбір иттерде ойын реакциясы бар, олармен оңайырақ, бірақ доппен ойнамайтындары да болады, олармен бірге қарғыбаумен жүгіру керек. Ересектері үш шақырымға дейін жүгіре алады, төзімдіректерімен бес шақырымға дейін жүгіруге рұқсат етіледі.
Арнайы қызметте иттер сегіз жылға дейін жұмыс істейді. Егер жұмыс қасиеттері жоғалмаса, жарамдылығын тексеретін комиссия құрылады, бұл жағдайда ит өзінің арнайы дағдылары жойылғанша белгілі бір жасқа дейін қызмет етуді жалғастыра алады.