Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері пробациялық есептегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға көмектесті

Абай облысының ҚАЖ қызметкерлері пробациялық есептегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маусым айының басында Абай облысы Курчатов қалалық ПҚ есепте тұрған сотталғандармен кездесу өткізілді.

– Жиынға қала прокуроры, қала әкімінің орынбасары, бірлескен кәсіпорын және жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру сияқты өзекті мәселелер қаралып, жұмыс орындарының квотасы бойынша сотталғандарды жұмысқа орналастыру ұйымының өкілдері шақырылды, – дейді аға инспектор Назым Тохтар.

Кездесу нәтижесінде 2 сотталған жұмысқа орналасуға жіберілді. Олар қазіргі таңда жұмысқа орналасып жатыр. Мәселен, С. есімді сотталған сот үкімі бойынша 100 сағат мәжбүрлі еңбек орындағаннан кейін ШЖҚ «КЖІК» МКК жұмысқа ресми түрде орналастырылады.

Сондай-ақ 1 сотталғанға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны үшін біржолғы жәрдемақы алуға жұмыспен қамту бөлімі тарапынан көмек көрсетілді.

Жауап қалдыру