Абай облысының ҚАЖД қызметкерлері жалғызбасты анаға көмек көрсетті
Абай облысының ҚАЖД қызметкерлері ардагердің жесіріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында қауіпсіздігі барынша төмен мекеме қызметкерлері пенитенциарлық жүйе ардагерінің жесіріне көмек көрсетті. Күзгі суық өз күшін сезіндірген уақытта, олар әйелдің жер үйінің жылыту жүйесін өз күштерімен ауыстырып берді.
Ардагердің жесірі Менжамал апайдың үйі мекемеден алыс емес жерде орналасқан. Мекеме қызметкерлері ол кісіге, күн сайын құрметпен амандасып, денсаулығы мен үй шаруашылығы туралы сұрап жүреді. Осыған дейін үй шаруашылығымен Менжамал апайдың марқұм күйеуі 30 жылға жуық қызмет атқарған, пенитенциарлық жүйе ардагері, отставкадағы прапорщик Бекен Байдәулет айналысып келген. Ардагер еңбек жолын 14 жасында бастаған, пенитенциарлық жүйеде қызмет еткенге дейін Чекоманның тумасы ауылдық жерлерде жұмыс істеген еді.
– Біз ардагерлеріміз бен олардың отбасыларына әрдайым қолдау көрсетудеміз. Олар әрқашан мекеме қызметкерлеріне жүгіне алады, олар өткен ұрпақ өкілдері, біздің қызмет тарихымыздың куәгерлері мен оны сақтаушылар, – дейді мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы Бекзат Манапов.