Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының сотталған тұрғыны пробация қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді

Абай облысының сотталған тұрғыны пробация қызметкерлеріне көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында Абай облысы Көкпекті ауданының КББ қызметкерлері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен бірге Көкпекті ауданының сотталған тұрғынына көмек көрсетті.

Ризашылық білдірген адам өз кезегінде бөлім бастығының атына алғыс хат жолдады.

– Мен Көкпекті ауданының пробация және жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлеріне қиын өмірлік кезеңде шетте қалмағаны үшін және маған құқықтық және материалдық қолдау көрсеткені үшін өте ризамын. Басшылыққа және маған көмектескендердің барлығына жұмыста табыс, отбасылық амандық пен денсаулық тілеймін, – деп алғысын білдірді сотталған О. есімді азамат.

Айта кететін жайт, Көкпекті ауданының пробация қызметі бөлімі есепте тұрған сотталғандарға тұрақты негізде құқықтық және консультациялық қолдау көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру