Абай облысының тұрғыны 30 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған
Абай облысының тұрғыны 30 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында Омбы – Майқапшағай республикалық трассасын патрульдеу кезінде қызмет инспекторлары 790 км қашықтықта Семей қаласының 60 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан қап және 2 қап балық (табан, мөңке, көксерке) табылды. Алайда оның балық тасымалдауға рұқсат құжаттары болмады.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.