Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының үздік учаскелік инспекторы анықталды

Абай облысының үздік учаскелік инспекторы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.           

Абай облысы полиция департаменті ұйымдастырған қызметтік сайыстардың қорытындысы бойынша Мақаншы аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Ерзат Тастамбеков барлық кезеңдерден жоғары нәтиже көрсетіп, "Абай облысының үздік учаскелік инспекторы" атанды.

Ерзат Ерболатұлы 2018 жылдан бері Абай облысы ПД Мақаншы аудандық полиция бөлімінде аға учаскелік инспектор қызметін абыроймен атқарып келеді. Оның учаскелік аумағында шамамен 3000-ға жуық тұрғын тұрады. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығы – оның күнделікті жұмысының басты бағыты. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу – қызметінің негізгі қағидаларының бірі.

Полиция департаменті ұйымдастырған сайыстарда барлық бағыт бойынша үздік нәтиже көрсетуі – табандылықтың, тұрақты ізденістің және қызметке деген адал көзқарастың жемісі. Әріптестері арасында да, халық арасында да беделге ие болу – учаскелік инспектор үшін үлкен жауапкершілік.

– Учаскелік инспектор үшін ең бастысы – халықтың сенімі. Әрбір тұрғынның тыныштығы мен қауіпсіздігіне жауапты екенімді әрдайым сезінемін. Бұл қызмет – тек міндет емес, үлкен жауапкершілік. Полиция департаменті ұйымдастырған сайыстарда үздік атану – мен үшін зор мәртебе. Бұл жетістік әріптестерімнің қолдауы мен тұрғындардың сенімінің арқасы деп білемін. Алдағы уақытта да ел тыныштығы жолында адал қызмет етуді жалғастырамын, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру