Абай полицейлері демалыс орындарының бірінен мас жүргізушіні ұстады
Абай полицейлері демалыс орындарының бірінен мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 тамыз Алакөл демалыс орнының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері жүргізушінің жолда жүру қозғалысы дұрыс болмаған Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтатудағы мақсаты рульдегі азаматқа медициналық көмек қажет шығар деп ойлаған. Алайда, жүргізуші көліктен түскенде, мас екендігі айқын көрінген.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.