Абаттандыру ережелерін бұзған 1,5 мың павлодарлыққа әкімшілік хаттама толтырылды
Абаттандыру ережелерін бұзған 1,5 мың павлодарлыққа әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абаттандыруды бұзу фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында Павлодар қаласы ПБ учаскелік инспекторлары рейд жүргізді, оның барысында Академик Сәтпаев және Бектұров, Лермонтов, Қайырбаев көшелеріндегі тұрғын үйлерде абаттандыруды бұзу фактілері анықталды.
– Анықталған бұзушылықтар бойынша аталған тұрғын үйлерге қызмет көрсететін ПИК төрағалары ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.
Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1534 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп бұзушылар арасында ПИК басшылары, жеке фирмалардың, дәмханалардың, мейрамханалардың, дүкендер мен сауда үйлерінің иелері бар.