Абаттандыру ережелерін бұзудың 107 дерегі анықталды
Павлодар полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың 107 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қыс мезгілі басталғалы бері тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша, оның ішінде коммерциялық объектілердің иелеріне қатысты 107 әкімшілік материал жинады.
– Абаттандыру ережелерін бұзуды анықтау мақсатында, сондай-ақ қалың қардың түсуіне байланысты Павлодар облысының полицейлері аулаларды аралау және дүкендерді, сауда орталықтарын және басқа да коммерциялық объектілерді тексеру арқылы рейдтік іс-шаралар жүргізуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.
Мәселен, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Екібастұз қаласының полицейлері қала тұрғынының өздерінен кейін қоқыстарды алып кетпеген азаматтарға қатысты шара қолдануды сұраған өтінішін қарастырды. Осыған сәйкес учаскелік полиция инспекторы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабымен «Максимол» СОО құрылыс жұмыстары бойынша мердігеріне қатысты әкімшілік іс қозғады.
Тексеру барысында мердігердің іргелес аумақты қоқыстан, құрылыс материалдарынан, жәшіктер мен целлофан қаптардан уақтылы тазалауды қамтамасыз етпегені анықталды.
Полиция департаменті облыс тұрғындарының барлығына өңірді абаттандыруға немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс білдіреді.
Осы қағидаларға сәйкес барлық объектілердің меншік иелері мен жалға алушылары іргелес аумақтардан қарды тазартады және жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарға шығарады, ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңдарының шекараларына, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы өзге де объектілерге тікелей жанасып жатқан периметрі бойынша бес метр шекарадағы іргелес аумақтағы ортақ пайдаланылатын жерлерде қар мен мұзды жинауға жол берілмейді.
Осыған байланысты, Павлодар облысының полициясы абаттандыру ережелерін сақтауды, ал құқық бұзушылар анықталған жағдайда полицияға «102» телефоны бойынша хабарлауды немесе фото-бейне материалдарды dp_pavlodar аккаунтына жолдауды сұрайды.