Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абаттандыру ережелерін қайталап бұзған павлодарлық жауапқа тартылды

Абаттандыру ережелерін қайталап бұзған павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласының Павлов көшесінде ерекше оқиға болды. Бұл жағдай көше тұрғындарын ашуландырды әрі қорқытты. Ашуланған адам жиһаз бен заттарды төртінші қабаттың балконынан лақтырған.

– Кілемдер, креслолар, заттар, тұрмыстық техника балконнан ұшып жатты, – деп қарама-қарсы тұратын көрші полицияға шағымданды.

Оқиға күндізгі уақытта болғандықтан, аулада көп адам, оның ішінде балалар да болған. Тек сәттілік пен көршілердің қырағылығының арқасында терезе астынан өткендердің ешқайсысы зардап шекпеді.

– Аталған үйге келген тәртіп сақшылары есік алдындағы бақта шашылып жатқан мүлікті көрді. Өз-өзін дұрыс ұстай алмаған ер адамның пәтеріне көтерілгенде пәтер иесі депрессиялық күйде болған. Ол полицейлерге мұндай әрекетке баруына жан күйзелісі әсер еткенін айтты. Бірге тұратын әйелмен қарым-қатынасы жақында үзілгенімен, ол әлі күнге дейін ренішін баса алмаған, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды тыныштық, сабыр сақтауға шақырды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Көріктендіру ережелерін бұзу) сәйкес аталмыш азаматқа ескерту жасалып, полиция қызметкерлері оған алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеуі қажет екенін түсіндірді.

Ледовский көшесінің тұрғыны да осы баптың нормаларын бұзған. Мұнда павлодарлық терезеден ештеңе лақтырмаған, бірақ баспалдақ алаңына қоқыс салынған пакетті қалдырып кеткен. Полицейлер ер адамның мұндай жағымсыз әрекетті бұрын да жасағанын анықтады, сондықтан абаттандыру ережелерін қайталап бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру