Абаттандыру ережелерінің 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері абаттандыру ережелері бұзылғандары үшін төрт мыңнан астам ескерту жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚP Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 71 бұзушыға айыппұл салынды, онда қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін, жасыл екпелер ережелерін бұзғаны үшін жаза қарастырылған. Айыппұл сомасы екі миллионнан астам теңгені құрады. Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, ең көп заң бұзушылықтар аумақтарды уақтылы тазаламауға қатысты болды. Абаттандыру ережелерін бұзуға көшелерді, алаңдарды, жолдарды және қоғамдық демалыс аймақтарын ластау, қар тазарту бойынша ұйғарымдарды елемеу жатады.
Айта кеткен жөн, соңғы уақытта абаттандыру тәртібін тек учаскелік полицейлер ғана емес, сондай-ақ қалалықтар да қадағалайтын болған. Соңғы аптада бірнеше қоқыс үйінділерін анықтаған қырағы петропавлдықтар әлеуметтік желілер аккаунттарына бірнеше пост орналастырған. Қолданушылардың бірі «Instagram» желісіндегі «Дружный Петропавловск» паблигінде Новопавловкадағы мола маңында шашылып жатқан қоқыстарды суретке түсіріп, бөліскен.
Аталған факті бойынша полицейлермен шұғыл шаралар қабылданды. Қоқыс шашатын саяжайшылардың өздері болып шықты, оларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды. Саяжай қауымдастығының төрағасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы анықталған басқа да бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жұмысшы кентіндегі қоқыс үйіндісі үшін, аталған учаскедегі қоқысты шығаруға жауапты ұйымның басшысы да жауапкершілікке тартылды. Айыппұл 40 мың теңгеден астам соманы құрады.
– Учаскелік полиция инспекторлары аула-ауланы тексеру барысында халықпен іргелес аумақтарды уақтыл тазалау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізеді. ПИК төрағаларына үй ішіндегі аумақты уақтылы тазалау қажеттігі түсіндіріледі. Аталған мәселе мен шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілері бойынша шара қабылдау қажет. Қоқыс тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары да жауапты болады. Жыл басынан әкімшілік жауапкершілікке 4623 адам тартылды, оның ішінде 71 құқық бұзушыға айыппұл салынды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.