Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесіне барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе облысындағы түзеу мекемесіне барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2025 жылғы 23 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №8 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Сапардың негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың ұстау жағдайларын зерделеу және мекеме ішіндегі құқықтық ахуалға мониторинг жүргізу болды.

Артур Ластаев мекеме әкімшілігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері, өңірлік прокуратура басшылығы және бақылау комиссиясы мүшелерімен бірге сотталғандарды жеке сұрақтармен қабылдады. Қабылдау барысында жазасын өтеушілер Уәкілге өздерінің көкейкесті мәселелерін тікелей жеткізуге мүмкіндік алды.

Сапар аясында ерекше назар аударылған мәселелердің қатарында сотталғандардың ұстау жағдайлары, медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, шағымдану құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері және қолданыстағы заңнамалардың сақталу мәселелері болды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекеме тарапынан құқықтық тәртіп пен халықаралық стандарттарға сай ұстау жағдайларын қамтамасыз ету — адамгершілік пен заң үстемдігінің маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру