Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Батыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесіне іссапармен барды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Батыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінде болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесіне жұмыс сапарымен барды.

Іссапардың негізгі мақсаты – сотталған азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, оларды ұстау жағдайларын зерделеу және мекеме ішіндегі құқықтық ахуалға мониторинг жүргізу болды.

Артур Ластаев мекеме әкімшілігі және бақылау комиссиясының мүшелерімен бірге сотталғандарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жазасын өтеушілер уәкілге тікелей жүгініп, өздерін алаңдатқан сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Әсіресе, қатаң тәртіптегі жағдайларда және отряд үй-жайларында ұсталатын сотталғандардың мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Сапар барысында ұстау жағдайлары, медициналық көмекпен қамтамасыз етілу деңгейі, сотталғандардың шағымдану құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері және тиісті заңнамалардың сақталуы жан-жақты қаралды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекеме тарапынан құқықтық тәртіп пен халықаралық стандарттарға сай ұстау жағдайларын қамтамасыз ету – адамгершілік пен заң үстемдігінің маңызды көрінісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру