Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам құтқарамын деп күйген Артем Головня Нұр-Сұлтан қаласына емделуге аттанды

Зейнеткерді құтқарамын деп күйік шалған Артем Головня Нұр-Сұлтан қаласына аттанды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Ол ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» ұшағының көмегімен жөнелтілді, жауапты тапсырманы ҚР Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев берді.

Полиция департаменті, денсаулық сақтау басқармасы және еріктілер оны Елордалық клиникаға жіберуді қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қолға алды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Артем 82-жасар көршісін өрттен гаражда құтқаруға мәжбүр болған. Артемнің денесінің 60 пайыздан астамы жанып кетті. Дәрігерлер жігітті бір өлімнен алып шықты.Артем сегізінші ай ауруханада емделуде. Жараларынан қан ағып, 25 жасар жігіт қатты ауырсынудан зардап шекті.

Әуежайға аттанар алдында Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов Артеммен кездесіп, тез арада сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, ол Артемның анасына материалдық көмек көрсетіліп, Артем Головняға оңалту кезінде көмек көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру