Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңы: құрбандардың барлық құқығы қамтамасыз етілген

ІІМ-де “Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” ҚР Заңы туралы айтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам саудасы құрбандарының барлық құқығы сақталғаны және осы құжатта көрсетілгені атап өтілді. Сонымен қатар халықаралық нормаларға сәйкес шетелдік құрбандардың оған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету кезеңі ішінде құқық қорғау органдарына жүгіну туралы шешім қабылдауға, бірақ күнтізбелік 30 күннен кем емес және жәбірленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер шеңберінде азаматтығын елге қайтаруға жәрдемдесу құқықтары енгізілді.

Оларды бір ақпарат көзіне біріктіру – қабылдау процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар жәбірленушілерге өз құқықтары мен сенуге болатын қорғаныс шараларын назарда ұстауға көмектеседі. Заңда олар анықталған сәттен бастап азаматтығына қарамастан, осы жағдайдан шыққанға дейінгі ережелер көзделген. Сондай-ақ “тәуекел топтарға” профилактикалық көмек көрсету негіздері қарастырылған.

Ведомство Заң 2024 жылғы 5 қыркүйекте қолданысқа енгізілетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру