Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам шығынымен аяқталған ЖКО Ақтөбеде орны алды

Ақтөбе облысында «Қарабұтақ–Қостанай» автожолында адам шығынымен аятқталған жол – көлік оқиғасы орын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

25 ақпан күні сағат 13: 00 –де ­Өлке кенті ауданындағы «Қарабұтақ-Қостанай» автожолында жол-қауіпсіздік оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, армян есебіндегі «Honda» (минивэн) автокөлігі қарсы келе жатқан жолаққа шығып, Алматы облысының 52 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Volvo» (фура) жүк автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Honda» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Осыған байланысты, полиция департаменті тағы да жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы, сондай-ақ жол белгілерінің талаптарын сақтау керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру