Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адамдарды құтқару үшін от пен суға түскен: СҚО-да жас полицейлер үшін ерлік сабағы өткізілді

СҚО-да жас полицейлер үшін ерлік сабағы өткізілді – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нағыз полицейді от та, су да тоқтата алмайды. Бұған Қазақстан полициясы күні қарсаңында ерлік сабағына шақырылған 20 жас полиция қызметкері көз жеткізді. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы ПД музейінің кинозалында өтті. Жас қызметкерлер қазақстандық полицияның нағыз батырларымен кездесті.

Солардың бірі – көп жылдар бойы учаскелік инспектор қызметін атқарған ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі Азат Мұхамедин

Сегіз жыл бұрын ол ер адамды жанып жатқан пәтерден құтқарған. Содан кейін өз өмірін қатерге тігіп, Азат пәтерге оралып, өрттің көзін жойды, яғни өрттің таралуын болдырмады.

Ерлік сабағының екінші қатысушысы Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының 29 жастағы инспекторы Олег Головин. Өткен күзде ол Есіл өзенінің үстіндегі көпірден мұзды суға құлаған әйелді құтқарды.

Ерлік сабағының үшінші кейіпкеріне енді жүгіну мүмкін емес. Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Анатолий Добрынин 30 жыл бұрын Ленин (қазіргі Есіл) ауданының АІІБ-не шабуыл кезінде қаза тапты. Ол полиция бөліміне кіріп келген екі қарулы қылмыскерге төтеп берді, олардың мақсаты табельдік қаруды басып алу болды. 41 жыл бұрын бітірген ҚР ІІМ Алматы академиясының өтініші бойынша ҚР Президентінің 2024 жылғы 2 мамырдағы Жарлығымен Анатолий Добрынин қайтыс болғаннан кейін “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды. Ол туралы полиция мұражайының қонақтары фильмнен білді.

Жас қызметкерлерге облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Михаил Бедных мен ІІО ардагері Ермек Асықпаев сөз сөйледі. СҚО ПД мұражай меңгерушісі Любовь Осинская атап өткендей ерлік сабақтары — полицейлердің жас ұрпағын патриоттық тәрбиелеуге бағытталған департаменттің жақсы дәстүрі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру