Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адасып кеткен петропавлдық балықшы құтқарылды

Тайынша ауданында алай-дүлей соққан боранда адасып кеткен петропавлдық 37 жастағы балықшы құтқарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 ақпанда сағат 17-де Тайынша ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Қауас Мұқажановқа жуырда ауданға балық аулауға келген петропавлдықтың Макашевка ауылының маңындағы Құндыкөл көлінде боранды күні адасып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен. Учаскелік полиция инспекторы, ауыл әкімі, ТЖ қызметкерлері, ауыл тұрғындары, қорықшылар – барлық күш пен құралдар іздеуге жұмылдырылды. Жоғалған ер адам қорықшы Александр Бердникке екі рет қоңырау шалып: адасып кеткенін және көлдің жағасында отырғанын хабарламақ болған.
Іздеу шарасы таңғы сағат төрт шамасында аяқталды. Аңшылық шаруашылығының басшысы Қоблан Бекмурзин «Хищник» маркалы қар мен қопада жүретін көлігін жұмылдырып, балықшыны көлге жақын жерден тапқан. Ер адам ауылға жеткізілді, қазір оның өміріне еш қауіп жоқ. Учаскелік полиция инспекторы Қауас Мұқажановтың айтуынша, бұл оқиғаның сәтті аяқталуына округ әкімі Аблайхан Ғалиевтің, Қоблан Бекмурзиннің, қорықшылар Александр Бердник, Алексей Стручков, Александр Быковтың, ТЖ қызметкерлерінің, учаскелік инспектордың көмекшісі полиция аға лейтенанты Виктор Пшеничныйдың, Бориса Ланге мен өзге де ауыл тұрғындарының кәсіби әрі ұйымдасқан іс-әрекеттерінің арқасында мүмкін болды.

Полицейлер мен құтқарушылар 112 SMS-хабарламаларын мұқият қадағалап отыруға және боранды күні елді мекендерден шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру