Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мәселеріне арналған вебинар өтті

Жамбыл облысында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша вебинар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ювеналды сот, Дағдарыс орталығы өкілдерінің және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік – біздің қоғамның таңдауы» тақырыбында вебинар өтті.

Веб-семинарды өткізу бүкіл әлемде кең таралған және жиі айтыла бермейтін мәселеге қоғам назарын аударуға бағытталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық науқанының басталуымен байланысты болды.

Акция 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қазақстанның барлық аумағында, соның ішінде Жамбыл облысында да өтеді және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді іс-қимылды өткізуді мақсат етеді.

Науқан жыл сайын бүкіл әлем бойынша БҰҰ қолдауымен «БҰҰ әйелдері» құрылымының жаһандық бастамасын қолдау мақсатында өткізіледі.

Вебинар аясында қатысушылар некеде тұрған адамдар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын адамдар, жақын туыстар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың балаларға әсерінің проблемалық мәселелерін қарады.Сонымен қатар қатысушылар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен көпшілікті үнемі таныстыру қажеттігі туралы атап өтті.

– Жыл басынан бері отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстарға жол бермеу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері екі мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды, полиция материалдары бойынша сот құқық бұзушылардың мінез-құлқына қатысты 268 ерекше талап қойды, қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін 125 жанжалқой жауапкершілікке тартылды.
Отбасы-бұл қоғамның бір бөлшегі. Қоғам дамуы оның өміршеңдігіне, әл-ауқаты мен оның дұрыс қалыптасуына байланысты. Халықты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық – зомбылық деректері туралы уақтылы хабарлауға және басқа адамдардың мәселесіне немқұрайлы қарамауға шақырамын», – деп түйіндеді ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Ақмарал Жанисова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру