Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдің үйіне ұрлыққа түскен жұмысшылар екендігі анықталды

Түркістан облысының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Жәбірленуші әйел түнгі уақыт шамасында белгісіз адам үйіне заңсыз кіріп, жатын бөлмедегі гидроскутерін және аяқ киімін жасырын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Аталған жайтты Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, құқық бұзушыны ұстауға бағытталған шараларды іске асырды. Нәтижесінде Қазығұрт АПБ КПБ қызметкерлерімен жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Ол арызданушы әйелдің үйінде құрылыс жұмыстарын жасап жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде ұрланған заттар тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда полицейлер күдіктіге қатысты тергеуді жалғастыруда. Бас шарасы келу туралы міндеттеме.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.

Егерде сіз ұрлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, міндетті түрде тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру