Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айыппұлдарды өндіру бойынша арнайы шара басталды

Алматы облысында жол жүру ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды өндіру бойынша арнайы шара басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы аумағында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қабылданған қаулыны орындау мақсатында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Профилактикалық іс-шара әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған борышкерлерді анықтауға, әкімшілік айыппұлдарды төлеуге, меншік құқығына тиесілі көлік құралдарын ұстауға және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған.

– Қазір саптық қызметтер мен бөлімшелердің жеке құрамы сот орындаушыларының қатысуымен осы мақсаттағы жұмысқа кірісті. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қосымша техника пайдаланылады. Олар – «Крис-П» фоторадар кешені, штаттық эвакуаторлар. Қызметкерлер көлік құралдарын автоматты бақылау жүйелерін және электронды планшеттерді пайдалана отырып, шектеулері бар көлік құралдарын анықтайды. Яғни, техникалық байқаудан өтпеген көліктер, айыппұлы бар борышкер жүргізуші, жол ережесін сақтамайтын және көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілер бірден анықталады. Қолданыстағы алгоритм бойынша айыппұл төлемеген жүргізушінің көлік құралдары тәркіленіп, мамандандырылған айыппұл тұрағына тоғытылады. Бұл көлік құралдарын кері алу үшін айыппұлы бар тұлға айыппұлдар туралы қаулы талаптарын толық орындаған соң ғана көлігін шығара алады. Жол-патрульдік полиция саптық бөліністерінің барлық қызметкерлеріне қосымша нұсқау берілген және олардың қолында борышкерлердің тізімі бар, – деп түйіндеді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Таңатаров.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары аулаларды да аралайды. Аралау барысында жеке сот орындаушылары тарапынан көлік құралдарының иелеріне қатысты шектеу қойылғаны туралы хабарланады.

– Заң жүзінде айыппұл санкцияларын уақтылы өтеуге барлық жағдай жасалған. Мысалы, жетіңдер  күндік мерзімде төлем жасалған жағдайда айыппұл сомасы әлдеқайда төмендетілген. Айыппұлдарды келесі тәсілдер арқылы тексеруге және төлеуге болады: egov.kz электрондық үкімет порталының көмегімен, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кассалық бөлімшелерінде және банктердің интернет-сайтында. Сонымен қатар, айыппұлдарды смартфон арқылы екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы төлеу мүмкіндігі берілген», – деп нақтылады Таңатаров.


Алматы облысының Полиция департаменті автокөлік иелерін темір тұлпарларын арнайы тұраққа тоғытудың алдын алу үшін әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру