Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айыппұлы төленбеген елордалық жүргізушілерге 300-ге жуық хабарлама жіберілді

Әкімшілік айыппұлы төленбеген елордалық жүргізушілерге 300-ге жуық хабарлама жіберілді, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының аумағында 11-15 қыркүйек аралығында «Борышкер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – иелерінің әкімшілік айыппұлдар мен алименттерден берешегі бар көлік құралдарын, сондай-ақ біле тұра жалған нөмірлері бар көлік құралдарын басқарушыларды анықтау.

Іс-шараның бірінші күнде қызметкерлермен жалпы сомасы 5 миллион 500 мың теңгеден асатын әкімшілік айыппұлдар бойынша 297-ге жуық хабарлама шығарылған.

Жүргізушілеріне айыппұл салынатын басқа да құқық бұзушылықтар ескеріліп, барлығы 7 көлік коммуналдық тұраққа орналастырылды.

31 жастағы жүргізуші ВАЗ 2114  Ресей Федерациясында тіркелген автокөлікті басқару кезінде, 2 айдың ішінде қазіргі уақытқа дейін 16 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, осы дерек бойынша полиция қызметкерлері 450 мың теңге сомаға хабарлама берді, көлік құралы коммуналдық айыппұл тұрағына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру