Айыптұрақтан ер адамның көлігін шығарып бермек болған алаяқ ұсталды
Ақтау қаласы Полиция басқармасына ер адам арызданды. Арызданушының айтуынша, 9 шілде күні танысы айыптұрақтан автокөлігін алып беремін деп уәде берген. Ол үшін жәбірленушіден 400 мың теңге алып, жоқ болған.
Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды анықтады.
Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Маңғыстау облысы ПД бастығы Жанарбек Бақтыбаев тұрғындарды күмәнді немесе таныс емес адамдарға өздерінің ақшалай қаражаттарына сенбеуге, алаяқтардың қулықтарына бой алдырмауға шақырады.