Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әке жолын қуған ұл: Ошановтар әулеті – қызмет пен құрметтің үлгісі

Қоғам тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігін сақтау – әрбір полиция қызметкері үшін абыройлы міндет. Осындай мәртебелі жолды саналы түрде таңдап, елге адал қызмет еткен жандардың бірі – Асылжан Ошанов. Ол ішкі істер саласында 25 жылға жуық уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп, бүгінде құрметті зейнеткерлік демалыста. Үлгілі қызметкер туралы Polisia.kz сайтының редакциясы баяндап береді. 

Асылжан Алдашұлы еңбек жолын Жетісай аудандық ішкі істер бөлімінде жол-патрульдік полиция қатарынан бастап, кейін ювеналды полиция бөлімшесінде, сондай-ақ кезекші бөлімшенің аға жедел кезекшісі ретінде абыройлы қызмет атқарды. Қызметіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігі арқасында әріптестері арасында үлкен құрметке ие болды.

Әке жолын жалғап, бүгінде оның ұлы Бекзат Ошан да полиция қызметінде ел тыныштығын күзетіп жүр. Әкесінің табанды еңбегін көріп өскен Бекзат – тәртіпке берік, өз ісіне жауапты қызметкер. Оның бойындағы кәсіби біліктілік пен адалдық – отбасындағы тәрбиенің, әке өнегесінің айқын көрінісі.

Мұндай еңбек әулеттері – жас ұрпаққа тағылым, қоғамға сенім сыйлайтын өнегелі жол. Ошановтар әулеті – полиция қызметінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үздік дәстүрін жалғаушылардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру