Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әке жолын жалғаған байқоңырлық полицей

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы қос иығына погон тағып, ерлермен қатар елі мен жерінің тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген арулар жайлы ақпарат ұсынбақ.

Қайсар жүректі, білікті мамандардың бірі – полиция майоры Айнұр Джарылгасова.

Айнұр ішкі істер органдарындағы қызметін 2008 жылы Орал қаласында бастаған. 2016 жылдан бері ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде жұмысын жалғастыруда. Айнұр әкесі Иосиф Джарылгасовтың жолын жалғастырған. Әкесі Байқоңыр қаласында Ресей Федерацияның күзет бөлімінде взвод командиры болған. Капитан шенімен зейнетке шыққан.

Полиция майоры Айнұр бос уақытында жүзумен айналысқанды ұнатады, себебі полицияның жұмысының басым көпшілігі негативпен ұштастырылған.

– Мамандығын жақсы көрген адам оның қиындығын әп-сәтте ұмытып кетеді екен, – дейді Айнұр Джарылгасова.

Өзі жалғыз басты ана болса да, 17 жастағы ұлына қамқор болып, нағыз ер азаматты тәрбиелеуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру