Әке жолын жалғаған нәзікжанды сақшы
Бұл жолы Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің Туристерге қызмет көрсету жөніндегі инспекторы полиция аға лейтенанты Диана Есенгельдиевамен таныстырмақпыз.
Арманы асқақ Диана мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әке жолын жалғап, полицей қызметкері болсам деп алдына биік мақсат қойды. Табиғатынан ұяң қыз асыл арманың ешкімге тіс жарып айтпады. Оның әкесі кезінде Ішкі істер органдары қатарында қызмет атқарып зейнеткерлікке шыққан еді.
Қазір Диана Есенгельдиева полицияда 2018 жылдан бері еңбек етуде. Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген. Ол да әкесі сияқты адалдығымен, жанкештілегімен көзге түсіп, келешекте ішкі істер органдарының зейнеткері болғысы келеді.