Әке жолын жалғаған полицей
Түркістан қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы Аян Сансызбай – әке жолын қуып, полицейлер династиясын жалғастырған тәртіп сақшыларының бірі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бар ғұмырын ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін сақтауға арнап, тынымсыз еңбек еткен полиция полковнигі, Ішкі істер саласының құрметті ардагері Батырхан Сансызбаев – осы династияның негізін қалаушылардың бірі.
Аянның әкесі Батырхан Сансызбаев 1981 жылы қызметке қабылданып, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. Түрлі құрылымдарда өзінің кәсіби шеберлігін көрсеткен. Соның бірі Түркістан қаласы полиция басқармасында аға тергеуші лауазымын абыроймен атқарған.
2005 жылы зейнет демалысына шыққан. Қызмет жолында жүріп 5 ұл, 1 қыз тәрбиелеген ардақты әке балаларының ізін жалғастырғанына ерекше қуанышты.
Халық тыныштығы мен амандығын бірінші орынға қоятын, сонымен қатар өз міндеттерін атқару барысында жоғары ынта мен қырағылық танытатын Аян –әке жолын жалғаған ұл болғанын мақтаныш етеді.