Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Әкем үйде»: павлодарлық полицейдің үйіне оралу сәті видеоға түсіп қалды

Павлодарлық полицейдің үйіне оралу сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының басында елдегі қиын кезеңдер туралы хабарлардың басталуымен тәртіп сақшылары қызмет атқарудың ерекше түріне ауыстырылды.

Бір аптадан астам уақыт бойы полицейлер қыстың аязына қарамастан, берік қабырғамен Павлодар өңірі тұрғындарының тыныштығын қорғады.

Бүгін тәртіп сақшылары үйлеріне қайтты. Успен ауданының әкімшілік полициясының бастығы Александр Семенченконың отбасымен кездесуі видеоға түсіп қалды.

– Ел тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау, олардың отбасыларына аман-есен оралуы – бұл дәл осындай сәттерде біз үшін ынталандыру болып табылады, – дейді полиция қызметкері.

Қызмет атқарудың ерекше нұсқасы үшін Успен ауданының полиция қызметкерлері Екібастұзға шабуылдаушыларға қарсы тұру, сондай-ақ аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қала инфрақұрылымының тұтастығын сақтау үшін жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру