Әкімдік қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасауға көмек көрсетіп жатыр
Алматыда әкімдік қызметкерлері тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жасауға көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белсенділер қатарында Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдері бар. Өткен күні «Айнабұлақ» шағын ауданында арнайы рейд өткізілді.
«Бұл біздің ауданда ең тығыз қоныстанған аймақ: тығыз тұрғын үй кешені, жеке сектор, базар, дүкендер. Барлық осы факторлар адамның толып кетуін және сәйкесінше олардың денсаулығының қауіпсіздігіне үлкен қауіп тудырады. Тұрғындарға тиісті ақпаратты жеткізу және өздерін қалай қорғау керектігі туралы айту өте маңызды. Бұған бізге жергілікті әкімдік өкілдері, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы көмектеседі, өйткені тек ішкі істер органдарының ресурстары бүкіл аудиторияны қамтымайды. Ал, дәл қазіргі уақытта бұл түсіндіру жұмыстары, короновирусқа қарсы күрестің тиімді әдістерінің бірі. Шындық бекерге айтылмаған: ескертілдің, демек, қорғалдың!», – деп қорытындылады Жетісу аудандық Полиция басқармасының басшысы Дархан Мұсанов.
Шағын ауданды тексеру барысында полиция мен Әкімдік қызметкерлері қала тұрғындарының көкейкесті мәселелеріне жауап беріп, қажетті кеңестер берді.