Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды

 Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік іс-шаралардың жиі бұзылуы сауда объектілерінің, ойын-сауық және көңіл көтеру орындарының заңсыз жұмысымен байланысты.


Карантинді сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 800 тәртіп бұзушы тартылды, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ішкі істер министрі.
Бұл қиын уақытта талап етілетін қорғаныс құралдары мен антисептиктерді заңсыз сатуға тырысатындар да табылатығын айтты Ерлан Тұрғымбаев.


Полицейлер осындай 27 фактінің жолын кесті, 2 млн.-нан астам медициналық маскалар, 4 мың қорғаныш костюмдері, 10 тонна дезинфекциялық өнімдер тәркіленді. Кінәлілер жауапқа тартылып жатыр.


Ведомство басшысы сондай-ақ волонтерлермен бірлескен жұмыс туралы айтып, бүгінгі күні рейдтерге жеке қорғаныс құралдарымен арнайы киіммен қамтамасыз етілген 2 мыңнан астам ерікті қатысатынын хабарлады. Олардың көмегімен 240 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру