Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор ұрлыған күдіктіге қатысты шаралар жүргізілуде

Түркістан облысында полицейлер аккумулятор ұрлаумен айналысқан автоұрыларды ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті үш тұрғын арызданып, ақпан айының басында белгісіз тұлғалар олардан автокөлік аккумуляторларын ұрлап кеткенін көрсетті.
Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, түнгі уақытта автоұрылар «КамАЗ» маркалы жүк автокөлігінен құны 100 мың теңге тұратын екі аккумуляторды жымқырып кеткен. Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Аккумуляторлар ұрлығын ашу мақсатында Сайрам аудандық полиция бөлімшесінің криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік
полиция инспекторларынан жедел-тергеу тобы құрылды.
Полиция қызметкерлері жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден жауап
алып, металл сынықтарын қабылдау орындарын тексеріп, басқа да
қажетті шараларды жүзегеасырды.
Нәтижесінде, көшедегі бейнебақылау камераларының бірінен жедел уәкілдер күдіктілердің бірін байқады. Сайрам Аудандық полиция басқармасының полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында күдікті ретінде Түлкібас ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында күдіктілер түнгі уақытта көшеде адамдардың болмайтынын пайдаланып, иелері қараусыз қалдырған автокөліктерді ашып, автокөлік аккумуляторларын ұрлап жүргені белгілі болды. Содан кейін ұрланған мүлікті сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Полиция қызметкерлері қазіргі таңда күдіктілердің осындай 9 ұрлыққа қатысы барын, бөтеннің мүлкін ұрлап, жәбірленушілерге бір миллион теңгеге жуық шығын келтіргенін анықтады. Тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған мүліктің бір бөлігін тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар қалған екі күдіктіні ұстау шараларын жүргізуде.
Тәртіп сақшылары азаматтарға қырағы болуды және өз мүлкін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Автокөліктерді жақсы жарықтандырылған орындарға немесе тұрақтарға қою керек. Көліктерге күзет сигнализациясын орнатып,
салонда құнды заттарды қалдырмау керек. Ұрланған немесе айдап әкетілген жағдайда автокөлік иелері тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласу қажет.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру