Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды
Алакөл жағалауында 700-ден астам бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаз мезгілінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Алакөл көлінің жағалауында демалушылар көп жиналады, осыған байланысты ШҚО Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді күшейтті.
Осы мақсатта 13 патрульдеу бағыты әзірленді, оның ішінде 11 жаяу және екі автомобиль патрульдері. Жағалауда бес стационарлық бекет жұмыс істейді.
Жазғы маусымның ашылу кезеңінде 15 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін полиция қызметкерлері 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде:
– алкогольдік ішімдіктерді ішу және мас күйінде келудің 70 фактілері,
– кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуының 37 фактісі,
– тыныштықты бұзудың үш фактісі,
– қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзудың 12 фактісі,
– жол қозғалысы және жол қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 526 фактісі,
– қоршаған ортаны қорғау бойынша 36 факт (ортақ су пайдалану ережелерін бұзу, шағын кемелерде, басқа да жүзу құралдарында тыйым салынған орындарда жүзу) анықталды.